Емтихан кейінге қалдырылуы мүмкін

Қазақстанда төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде ЖОО-лар мен жоғары білімнен кейінгі мекемелерге қорытынды емтиханды кейінге қалдыруға рұқсат етілуі мүмкін.

«(…) БҰЙЫРАМЫН: «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (…) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4.(…) Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде ЖжЖББҰ білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы және қорытынды бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу нысанын дербес айқындайды», – делінген ҚР білім және ғылым министрінің бұйрық жобасында.
Бұйрық жобасының салыстырмалы кестесінде ондай толықтыру енгізуге келесі жағдай негіз болған: «интернетке қол жетімсіз және интернеттің әлсіз нашар байланысы бар білім алушыларға Incomplete сияқты бағаны қою қажеттілігі туындап отыр».
«Осы баға емтихандарды басқа кезеңге ауыстыруға мүмкіндік береді», – делінген негіздемеде.

Nege.kz