ЕҢБЕГІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар үздік педагогтермен кездесіп, марапаттады.
Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекет тарапынан білім саласына айрықша көңіл бөлініп отырғандығын, педагогтердің еңбек етуіне барлық қолайлы жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.
Құрмет төрінен Жамбыл ауданы білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Гульвира Оразалиевада көрініп, “Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі мен қаржылай сертификат иегері атанды!