ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР

Әйел-азаматшалардың қоғамдағы орны ерекше.
Ауданымызда еңбегі жанып, шағын және орта бизнесті дамытуда нәзік жанды әйел-азаматшалардың да үлесі зор.
Әйелдер үшін өз бизнесін дамыту оңай емес. Олар күнделікті өмірмен де айналысады. Ата-бабаларымыз айтқандай, «Әйел бір қолымен бесік, екінші қолымен бүкіл әлемді тербетеді».
Сарысу аудандық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен 8 наурыз — Аналар мерекесіне орай «Еңбегі жанған арулар» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Шара барысында ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Дәстүрімнің балқаймағы әжелер» атты сайыс ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып ауданның белсенді кәсіпкер әйел-азаматшаларын мерекемен құттықтады.
Ауданымызда нәсібін кәсіптен тауып, аудан дамуына үлестерін қосып, ел экономикасын еселеп жүрген кәсіпкер азаматшаларға ризашылығын білдірді.
Сайысқа қатысып, жүлделі орындардан көрінген аналар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.