«Еңбек адамы — ел ырысы»
«Еңбек — адамның көркі, адам — заманның көркі» дейді халық даналығы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз еңбек адамы дегеніміз кім екенін пайымдап, «бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман.
Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат» деген болатын.
Иә, бүгінде біздің түсінікте белгілі бір дәрежеге, мансапқа, байлыққа қолы жеткен адамдарды ғана еңбек адамы деп қарайтын секілдіміз.
Ал, шын мәнісінде қызметі көзге көрінбейтін, халық арасында қаншама жандар бар. Олардың да істеп жүргені еңбек.
Ел Президенті айтпақшы, «Бірінші маңызды мәселе, біз еңбекқор болуымыз қажет.
Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс.
Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік.
Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.
Бүгінгі «Аманат» партиясының «Еңбек адамы — ел ырысы» атты форумында сөз сөйлеп, Жолдау аясында кеңінен тоқталып өттім.
Сондай-ақ,» Аманат» партиясының дамуына үлес қосқан бір топ ардагердерді марапаттадым.
Ержан Амирханов, Мойынқұм ауданы