Еңбек өтілі көп ұстаздар зейнетке ерте шыға ала ма?

«Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық қабылдаудан кейін журналистер білім министрі Сағадиевтен: «Бар ғұмырын білім саласына арнаған ұстаздарға зейнетке ерте шығуға мүмкіндік беретін норма енгізілуі мүмкін бе?— деп сұрады.  Бұл сауалға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: «Бұрын мұндай жүйе болған. Бірақ мұнда тек мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, шекарашылар, тағы басқалар бар ғой. Біз министрлік ішінде бұл мәселені қарастыра алмаймыз. Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің белсенді араласуымен үкімет деңгейінде қаралатын дүние. Қаралған кезде де, тек мұғалімдер ғана емес, барлық категория назарға алынады. Егер осындай норма енгізілсе, біз тек қуанамыз», — деп жауап берді.