Еңбек – ширатады

Өңір шаруалары жиын-терін науқанын ойдағыдый өткізуде. Биыл шаруалар 1900 гектарға сәбіз ексе, оның тең жартысы Полатқосшы, Гродиково ауылдық округіндегі шаруаларға тиесілі. Жобада сәбіздің гектарынан 400 центнерге жуық өнім алынып отыр. Өнім арнайы қоймаларға жөнелтілуде.
Жер емген шаруаларлың қажырлы еңбегі маңдай терін артығымен ақтап отыр. Басымкөпшілігі тамшылатып суару әдісін қолданған. Бұл әдіс арқылы тұқымның түбіне тыңайтқыш та, су да жетіп, өніміде ұлғайған.
Еңбек рәтті болсын!
Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі