Еңбек – жалпыға ортақ құндылық
Елімізде қырқүйек айының соңғы жексенбісінде “Еңбек күні” аталып өтіледі.
Атаулы мереке қарсаңында аудан әкімі Ернар Есіркепов 83 жастағы Оңалбеков Алпысбай ақсақалдың шаңырағына арнайы барып құттықтады.
Алпысбай Баймұратұлы ұзақ жылдар бойы “Үмбет” мал жайылымында фельдшер болып қызмет атқарған. Бүгінде 11 немере, 13 шөберені тәрбиелеп отырған ақсақал ақ батасын берді.
Айта кететіні, мереке қарсаңында әр салада ауданның өркендеуі мен дамуы жолында еңбек сіңірген бірқатар азаматтарды аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлімдер арнайы барып құттықтады.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі