ЕҢБЕКТІКТЕР АЯЛДАМА ОРНАТТЫ

Ауыл ажарын ашып, оны гүлдендіруге тек мемлекеттің қолға алынған жобалары ғана емес, ауылдағы ағайынның туған жерге деген сүйіспеншілігі де керек.

Кіндік қаны тамған өлкеге маңдай терін де тамызып, елді мекеннің көркін кіргізуге үлес қосып жүрген жандар ортамызда жетерлік. Соның бірі – Еңбек ауылының тұрғыны Жемісбек Әбденбаев. Ауыл азаматы еңбектіктердің басын қосып, ауылға кіреберіске аялдама салуды көтерген. Арда азаматтың бастамасын іліп алып кеткен ауылдықтар өз қаражаттары есебінен 1 млн теңгеге заманауи үлгідегі аялдаманың құрылысын жүргізіп, игіліке берді. Сондай-ақ қолы ашық азаматтар «Жомарт түлек» жобасы аясында жергілікті білім ордасының ауласына көгершіктендіру, безендіру жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл ауданы әкімдігі