Энергетика саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Желтоқсан айының 3-ші жексенбісінде елімізде энергетика саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Энергетиктердің еңбектерінің арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етіп келеді.

Энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек біршама сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Мерекелік жиын барысында энергетика саласының мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, ерекше құрмет көрсетіліп, төс белгілермен марапатталды.
.

Атап айтсақ, Сарысу ауданы «Жаңатас Су-Жылу» мекемесінің бас инженері Ерлан Нұрмахановты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
2024 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығымен
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, «Жаңатас Су-Жылу» мекемесінің басшысы Абуталип Абиловты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапаттады.