Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың өкімімен Әлі Алтай Сембекұлы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Алтай Сембекұлы — 1985 жылы туылған. Білімі – жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Еңбек жолында Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
Соңғы атқарған қызметі — Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.
****