Қарақия ауданының әкімі — Қыдырберді Әндірұлы Бековпен сұхбат

Қыдырберді Беков: Жыл басынан бері Қарақия ауданында 24,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді 

Қыдырберді Беков: Білімге құштарланған балаға барлық жағдай жасалған

Ақпарат үшін: Қарақия ауданы — Маңғыстау облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1973 жылы құрылды. Орталығы– Құрық ауылы.

 Сан ғасырлар бойы бар сырын ішке бүгіп, үнсіз мүлгіп жатқан қиян түбек Қарақия бүгінгі кезде бойына қан жүгірткендей.

Ұшы-қырына көз жүгіртсек, ұшқан құстың қанаты талып жететін дуадақ жортқан боз төбелердің төсіндегі Қарақия ауданы қазіргі таңда көпшілік қызығатын, тамашалығымен көз тоймас дәрежесіне жеткен. Ауданның тыныс-тіршілігін білу мақсатында жуырда аудан әкімі Қыдырберді Әндірұлы Бековтан сұхбат алған едік. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

 

Тілші: Қыдырберді Әндірұлы, алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен бастасаңыз. Жыл басынан бері қай салада өсім бар?

Қыдырберді Беков: Елді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстары Қарақия ауданынымызда кең көлемде  жүргізіліп келеді. Бұл бағдарламалар әр ауданның белгілі мақсаты, мен қаржылық көзін айқындаушы шара, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге серпін беретін күш. Бұл бағытта бізде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Тарқатып айтар болсам өнеркәсіп саласында өнімдердің ауқымы 2018 жылы қаңтар – маусым айларына өнім 519 603,2 миллиард теңгені көрсетті. Яғни нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция — ел экономикасы дамуының негізгі факторы болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвастиция көлеміне келер болсақ 2018 жыл қаңтар – маусым айлары бойынша аудан экономикасына салынған инвестицияның үлес салмағы 76,9 миллиард теңгеге жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 12 миллиард тенгеге өсті. Тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу бойынша 2018 жылдың 6 айында 24,6 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, көрсеткіш 92,2 пайызды құрады. Жеке сектор бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 33,8 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейді. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем 3,5 есе артып отыр. Бұл облыстық көрсеткіштің 40 пайызын құрап отыр.

Жергілікті бюджетке түскен салықтар және басқа да төлемдердің орындалысы 2018 жылға 10 миллард. 311 миллион теңгеге бекітіліп, бірінші жартыжылдығында жоспарланған 4 миллард 307 миллион теңгенің 101,4 пайызы игерілді. Бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 4 538,6 милион теңгені құрады. Бюджеттік алымдар бойынша жалпы жылдық жоспар 3 милиард 480 миллион 274 мың теңге, есепті кезеңге 1 млрд. 300 млн. теңге облыстық бюджетке аударылды. Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақылары 2017 жылдың қаңтар – мамыр айларына 126 483 теңге, 2018 жылдың қаңтар – мамыр 260 168 теңге яғни 205,7 пайызды құрады. 2017 жылдың қаңтар – мамыр айларына 222 жаңа жұмыс орны болса, 2018 жылдың қаңтар – мамыр айларында жаңа жұмыс орны 1182-ге жетті. Яғни көрсеткіш 5 есе жұмыс орнына өскенін көрсетеді. 2018 жылдың қаңтар – наурыз айларында «Жаңа Серпін» орталығы арқылы аудан тұрғындарынан 21 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Жұмыссыздық мәселесіне келетін болсақ, 2018 жылдың қаңтар–мамыр айларына 738 адамды құрады.

          Тілші: Ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселе – жол. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

          Қыдырберді Беков: Қарақия ауданында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының ұзындығы – 600 шақырым, оның ішінде: республикалық маңызы бар — 213 шақырым (35,2 %); облыстық маңызы бар — 193 шақырым (30,3 %); аудандық маңызы бар – 194,1 шақырымды ( 34,5%) құрайды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолының 213 шақырымы, яғни 60 %-ы қанағаттанарлық жағдайда. 194,1 шақырымды құрайтын  аудандық маңызы бар автомобиль жолының қазіргі жағдайы: жақсы – 25,1 шақырымды (12,9 %), қанағаттанарлық – 54 шақырымды (27,8 %) құрайды. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мақсатында, «Қызылсай-Сенек» 18 шақырым, «Құрық станциясына шығу» 12 шақырымға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық құжаттамаға қорытындысы жасалды.

        Тілші: Экономикалық дамудың бір көрсеткіші — құрылыс. Бұл сала бойынша қандай жаңалықтар бар?

         Қыдырберді Беков: Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілгендей, жаңа модель аясында экономикалық өсудің толыққанды драйвері әрине құрылыс саласы. Себебі ауқымдылығына байланысты құрылыс саласы экономиканың басқа салаларында қосымша сұранысты туғызады. Мұның барлығы құрылыс секторын дамытудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын көрсетеді.

Сенек селосында электрмен қамту құрылысына мердігер мекеме — «Талап Маңғыстау» ЖШС, жалпы келісім-шарт құны – 111 005,87 мың теңге құрайды. Жоба бойынша 12,675 км электр желісін жүргізіп және қайта құрылымдалып, 3 дана КТПН орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне балансқа берілді.

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында Биыл Құрық ауылында су құбыры тартылмаған тұрғын үйлерге су құбыры желілерін тарту, Жетібай ауылындағы Астана, Аэропорт шағын аудандарына су құбырын жүргізу және Құланды селосында су жинау стансасын қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу, Сенек ауылына резервуарлар мен сорғылау станциясын салуды жоспарлап отырмыз. Аталған жобалардың қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттары бекітіліп, биыл құрылыс жұмыстары басталады. Жобалар үлкен қаражат қажет ететіндіктен 2019 жылға өтпелі құрылыс болып табылады. Сонымен қатар, шілде айының басында Бостан ауылында жаңа су қойманың құрылыс аяқталып, халық игілігіне жұмыс жасауда.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында үлкен жоба — Сенек ауылында спорт кешені құрылысын салу жоспарлануда. NCОC мекемесінің  қаржыландыруымен жүзеге асатын жоба құрылысы 2018 жылда басталады.

Тілші: Ауыл шаруашылығына тоқталсаңыз. Жалпы, ауданда мал шаруашылығымен қатар, егін шаруашылығының да жақсы дамығанын білеміз. Бұл бағытта қандай жұмыстар жасалуда?

Қыдырберді Беков: Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту ол ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынын арттыру, мемлекеттік және тауар өндірушілер арасындағы қызметтерді бірлесе орындау. Аудандағы халқымыздың жергілікті сапалы және арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық негізгі салаларының бірі бізде ауыл шаруашылығы. Жылдан-жылға бұл маңызды саланы дамыту мақсатында қолдау күшейіп, бәсекеге қабілеттілік өсіп келеді. Ауданның ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары: мал, егін және балық.

Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі болса 2018 жылдың 6 айында 771,2 млн-ға теңгеге өсіп, былтырғы жылмен салыстырғанда өнім 10,9 пайызға жетті.

Егін шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер өлкеміздің қатал табиғатына қарай су көздерінің тапшылығына байланысты «тамшылата суару технологиясын» кеңінен қолданысқа енгізіп келеді. 2018 жылы 100% тамшылата суару әдісін пайдалану арқылы 312,2 га жерге егін егілу жоспарланған. 2017 жылмен салыстырғанда егін алқабы 8,0 га ұлғайды.

Бүгінде аудан көлемінде 485 шаруа қожалығы тіркелген, оның 41 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, қалғаны мал шаруашылығымен айналысады.

Сонымен бірге ауданда «Сенек» ЖШС асыл тұқымды қаракөл қойларымен «Адай» тұқымды жылқы малын өсіруде, «Толқын» өндірістік кооперативі – балық аулаумен айналысады. «Құрық-Ассорти» мини цехы көкөніс өнімдерін консервілеп, қол жетімді бағамен тұрғындарды қамтамасыз етуде.

Мал шаруашылығын дамытудағы негізгі жұмыс мал басын арттыруға, өндірілетін өнімнің шығымдылығы мен сапасын көтеруге және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Статистикалық мәліметке сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы – сапалы да, мал өнім өндіру көзі, малдың өміршеңдігі  мен өнімділігі, өнім сапасын арттырудың негізгі жолы. Балық шаруашылығы бойынша айтар болсақ майтабан, кефаль, сазан, көксерке, селетка балықтарын жыл мерізіміне қарай Каспий теңізінің оңтүстігінен – солтүстігіне және кері көшіп жүретін өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтардың маусымдылығына қарай ауланады.

Теңіз жағалауында отырған ел үшін балық өнімдерін пайдалануды маңызды мәселе. Ауданға қарасты теңіз жағалауынан балық аулауға рұқсат қағаз алған «Толқын» өндірістік кооперативі, «АН. группа» ЖШС, «Текей» ЖШС, «Маңғыстау балық өнеркәсіп компаниясы», «Инвалиды войны в Афганистане» қоғамдық ұйымы және жеке кәсіпкерлер Розенко В.В; Колесник С.В жолдастар тіркелген.

Егін шаруашылығы көкөністер мен бау-бақша дақылдарын өсіруден тұрады. Бұл ретте, егін шаруашылығы ықшам яғни жерасты және су құбырының суармалы суларының жеткілікті дәрежесі бар аумақтарда орналасқан. Ауданға қарасты Құрық ауылын қарайтын «Қызылқұм мүйісі», Құланды ауылына қарасты «Төңірекшың», Жетібай-Жаңаөзен автожолының бойындағы жерлерде егін шаруашылығымен айналысып келеді.

Жоғарыда айтып кеткендей, егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер өлкеміздің қатал табиғатына және су көздерінің тапшылығына байланысты «тамшылата суару» технологиясын кеңінен қолдануда.

Бүгінде аудан халық ауыл шаруашылығы өніммен толық қамтамасыз етілуде.  Аудан бойынша 2017 жылы 279,5 га жерге егілсе, 2018 жылы 312,2 га жерге егін егу көздеуде. Егін шаруашылығымен айналысып отырған жеке кәсіпкерлер 2017 жылы егілген жерден 5690 тонна өнім алса, биыл сол жобадан шығуға жоспарлануда. 2017 жылы 5 жеке кәсіпкер тікелей фермерлік жылыжайдан екі айналыммен 50 тонна өнім алып, қол жетімді бағамен тұрғындарға сатты және жергілікті бюджеттен фермерлерге 4852000 теңге көлемінде субсидия төленді, ал биылда фермерлік жылыжайлар егін егіп, өнім алу үстінде.

Тілші: Елбасы кәсіпкерлік саласына ден қойып, барынша жағдай жасауды тапсырған болатын. Ауданда бұл бағытта қандай жұмыстар қолға алынған? «Нұр капитал бойынша қандай жобалар іске асырылып жатыр. Солар жайлы да толықтырып айтсаңыз?

Қыдырберді Беков: Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Шағын және орта бизнестің дамуы – еліміздің экономикалық саясатының басымды бағыттарының бірі екендігін, шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылатындығын, біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса – Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болатындығын атап өткен болатын.

Өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 2017 жылдың қаңтар-мамыр айына  340,7 млн. теңгені құраса, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айына көрсеткіш 425,4 млн.теңгені құрады.

Бүгінгі таңда, ауданымызда кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып, жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді. 2018 жылдың  маусым  айына ауданда 2311 кәсіпкерлік  субъектілері тіркеліп өткен жылмен салыстырғанда 103,7 пайызға өсті.

2017 жылдың кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық төлемдерінің көлемі қаңтар-мамыр айына 254,7 млн.теңгені құраса, 2018 жылдың қаңтар – мамыр айына 280,9 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 110,2 пайызға өсті.

2017 жылы «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүзеге асырылды. Оған ауданнан 187 азамат қатысып оның 94 бизнес жобаларын қорғап тиісті сертификаттарын алды.

Аталған бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін 58 азамат оқуға қатысып оның 48 бизнес жобаларын қорғап шықты. Қазіргі таңда Құрық ауылында 3-ші топта 48 азамат оқытылып жатыр.

2017 жылы кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында «Ерсай Каспиан Контракшн» ЖШС-нің қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры «Құрық ауылында кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» жобасы шеңберінде тренингтер өткізілді. Тренинг мақсаты ауыл жастарын кәсіпкерлікке бейімдеу, шешім қабылдауға үйрету, рухани байыту, алға қойған мақсатқа жетуге мотивациялау, жекелей дамуға үйрету, бос уақытты дұрыс пайдалану жолдарын үйрету тақырыптарында жүзеге асырылды.

Аталған жобаға белсенді қатысушы кәсіпкерлер 3 млн., тг. дейін грант иегері болды.

Өздеріңізге белгілі а.ж. сәуір айынан бастап «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның пайыздық мөлшері 1 (бір) пайыз болып табылады.

Жобалар бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып, көрсетілген қызмет немесе шығарылған өнімнің ұлғаюы арқылы салық түсімі артуы тиіс.

Жобаға қатысу үшін кәсіпкер әуелі Кәсіпкерлік бөліміне бизнес жоспарымен келіп көрсетілген үлгіге сәйкес өтініш толтырады, кәсіпкерлік бөлімі жобаны бір күн ішінде облыстағы өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін кәсіпкерлік басқармаға жолдайды.

Ұсынылған жобалар Өңірлік үйлестіру кеңесінде қолдау тапқан жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшері бір пайызға дейін төмендетіліп субсидия беріледі.

Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қойылатын мүлікке 80 пайызға дейін кепілдік бере алады.

Бүгінгі күні «НұрКапитал» өңірлік бағдарламасы аясында Маңғыстау облыстық ӨҮК-не 19 жоба ұсынылып, оның ішінде құны – 159,5 млн.тг құрайтын 16 жоба қолдауға ие болып мақұлданды. Жобалар техникалық қызмет көрсету, ауылшаруашылығы, туризм, өңдеу өнеркәсібі бағыттары бойынша ұсынылды. Нәтижесінде 156 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда ӨҮК-не оң қорытындысын алған кәсіпкерлер тиісті құжаттарын жинақтап екінші деңгейлі банктерге, «Атамекен Микро Қаржы» ұйымына тапсыруда.

Тілші: Жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?

Қыдырберді Беков: Біз қандай істі қолға алсақ та, ол ең бірінші халықтың, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отыр. Жасыратыны жоқ, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту басты мәселе. Осы бағытта тиісті жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Қарақия ауданында жұмыссыздық мәселесі «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-гі және оның мердігер мекемелеріне, Құрық портының құрылысын жүргізуші мердігер мекемелерге, бюджеттік мекемелерге жұмысқа орналастыру арқылы.

Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы жұмыссыздарды жеңіл пайызды шағын несиелендіру және бағдарлама арқылы құрылған уақытша жұмыс орындарына жолдау арқылы шешілуде.

Құрық портының құрылысын жүргізуші мекемелерде 1000-ға жуық жұмыс орыны құрылды.

Қазіргі таңда, «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-де Қарақия ауданынан 1000-ға жуық адам жұмыс жасайды. 2015-2017 жылдары аталған мекеменің сұранысымен 276 жастарды дәнекерлеуші және монтаждаушы мамандықтарына оқытылып, жұмысқа орналастырылды.

Жастарды кәсіптік оқытудан өткізіп, жұмысқа орналастыру басты назарда.

Жұмыссыздықты жоюдың тағы бір төте жолы – кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлікке үйрету арқылы жастардың арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу. Аталған бағдарлама аясында азаматтарды оқыту, кәсіпкерлікке тарту, несие беру және жастар практикасын кеңейту жұмыстарында бірге жүргізіп келеміз.

Тілші: «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы жайлы айтсаңыз. Жастар бұл жобаға қызығушылық білдіре ме?

Қыдырберді Беков: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауданымызда 2009 жылы басталып, біздің ауданымызда мамандар 2010 жылдан бастап пайдалана бастады.

Қазіргі таңда «Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша» Бюджеттік кредит алуға 29 маманға қаржы бөлінді. Оның ішінде: білім саласы бойынша-14 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша-13 маман, мәдениет саласы бойынша-1 маман, ветеринария саласы бойынша-1 маман.

Бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 43 маманға 7 239,1 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде: білім саласы бойынша — 34 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша — 8 маман, мәдениет саласы бойынша — 1 маман.

Бюджеттік кредит алып шарт талаптарын орындамай өз еркімен жұмыстан босатылған 7 маманның, біржолғы көтерме жәрдемақы алып келісімшартты бұзған 5 маманның құжаттары сот процесіне беруге хаттама жасақталып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жіберілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына жастардың қызығушылығы өте жоғары. Жыл сайын құжат тапсырушы мамандар саны артып келеді.

Тілші: Ауданға қарасты ауылдарды сумен қамту қалай жүргізілуде?

Қыдырберді Беков: Қарақия  ауданы бойынша орталықтандырылған су құбырлары арқылы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі — 2017 жыл бойынша 89%, 2018 жылға жоспар — 95%. Аудан бойынша орталықтандырылған су құбырларының жалпы ұзындығы 348 шақырым. Сумен жабдықтау жүйелерің көздері «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС-і. Орталықтандырылған су құбырларының ұзындығы 125,3 шақырым. Құрық ауылындағы №4,5,10,13,14 шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, сорғы стансасын қосу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыс аяқталған кейін Құрық ауылы бойынша орталықтандырылған көрсеткіш – 95 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, Жетібай ауылындағы Астана, Аэропорт шағын аудандарына су құбырын салу құрылысына 2018 жылы 100,0 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 730,185 млн. теңге. Аталған жоба толық аяқталған кейін Жетібай ауылы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші -100% болады.

Болашақ ауылдық округі: халық саны 617, сумен жабдықтау жүйесі орталық-100%. Сумен жабдықтау жүйелерің көздері «Өзенинвест»МКК-ны ЖШС-і. Орталықтандырылған су құбырларының ұзындығы 1,3 шақырым. Аталған су құбырлары «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ң Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі филиалының теңгерімінде. Ауыл тұрғындарын үзіліссіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда  көрсетілген мекемелермен жұмыстар жүргізілуде.

Тілші: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысына тоқталсаңыз?

Қыдырберді Беков: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жарық көргеніне де 1 жылдан астам уақыт өтті. 6 басым бағыттан тұратын осынау еңбектің ең негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ауданда жұмыс жоспары жасақталды. Бекітілген жоспарға сәйкес бағыттар бойынша жұмысшы топтар, бөлім басшыларынан және мамандардан тұратын  өңірлік жобалық  кеңсе  құрылып, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта кеңсе жеке кабинетпен және барлық қажетті құрал – жабдықтармен қамтылған. Аудан бойынша 2017 жылы 7 елді мекен тұрғындарымен 61 іс-шара өткізіліп, 8520-ге жуық адам қамтылса, 2018 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша 59 іс-шара өткізіліп 7300-ден астам тұрғындар қамтылды.

Төрт кіші бағдарламаның бірі — «Атамекен» бағдарламасы аясында «Туған жер» арнайы жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама бойынша 23 жоба реестрге бекітілді. Ауданнан шыққан елге танымал азаматтарды, кәсіпкерлерді өңірдің елді мекендерінің әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосуға, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында аймақта «Туған жерге тағзым» акциясы қолға  алынды. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 2017 жылы аудан бойынша 1 млрд 514 млн 435 мың теңге көлемінде 13 жоба жүзеге асырылды. 2018 жылы 405 млн. 400 мың теңге көлемінде 16 жоба жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Тілші: Аудандағы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар әлеуметтік міндеттемесін орындап жатыр ма?

Қыдырберді Беков: Әрине, аудан аумағында орналасқан өндірістік мекемелер өзінің міндетін жақсы біледі. Олардың ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосып жатқан үлесі көп. Мысалы:

  1. Республикалық маңызы бар Ақтау-Жетібай-Шетпе бағытының 99-100 шақырымына жер қойнауын пайдаланушы карьерлер биіктігі 6 метр ұзындығы 15 метр «Қош келдіңіздер», «Жолыңыз болсын» атты жазуы бар арка орнату жұмыстарын ұйымдастыруда.
  2. Қарақия ауданына қарасты Бостан, Жетібай және Мұнайшы ауылдарына ауданның 45 жылдығына орай балалар ойын және «ВОРКАУТ» спорттық жаттығу жасайтын алаңдарын салуды «BJP» ЖШС мен «Бектұрлы Оперейтинг» ЖШС жүргізуде.
  3. Құланды ауылына ауылына кіре берісінде орналасқан композициясын қайта жөндеу және тақырыптық билбордтар ілуге арналған 2 (екі) тұғырнама жасауды «BJP» ЖШС атқаруда.
  4. Құрық және Жетібай ауылдарынан ашық алаңдарын салуды «Ерсай» ЖШС, «Стамгазстрой» ЖШС, «Самрұқ Траст» ҚҚ, «Бектұрлы Оперейтинг» ЖШС ұйымдастыруда.

5.Құрық ауылының 30 ескі үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді «Ерсай» ЖШС мен «Концерн» Найза құрылыс» ЖШС жүргізуде.

 

Тілші: Ауданның білім саласының жағдайы қалай? Биыл ҰБТ бойынша ауданның көрсеткіші қандай?

Қыдырберді Беков: Ауданымызда білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылған. Сонымен қатар, мектептердің барлығы заманауи техникалармен қамтамасыз етілген. Білімге құштарланған балаға барлық жағдай жасалған. Ауданымызда 16 білім ордасы бар. 2017-2018 оқу жылында аудан мектептері бойынша 330 түлек мектеп бітіріп шықты. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бала саны -260. Аудан бойынша орта балл көрсеткіші 71,2 пайыз.

Тілші: Қыдырберді Әндірұлы, ауданның тыныс-тіршілігін айтып,  ой бөліскеніңізге рақмет. Қызметіңізге табыс тілейміз.

 

Сұхбаттасқан — Айман Нұрмағанбет