ЕР ҚАЗАҚ (Экспромт)

Атандық па батыр халық  бекер біз,

Жауға  жаулық, досқа достық етерміз.

Бір Атаның  ұлдары едік- Ер Қазақ,

Өмір бақыт..,  өлсек бірге кетерміз!

 

Қазақстан — кеудеңдегі жүрек бұл!

Әр Қазақты жүрекпен сүй, ізет қыл.

Әрбір ару азаматын баптасын,

Қанымыз бір, арымыз бір, тілек бір.

 

Кім намысты – сол Тәуелсіз халық дүр,

Аршыл елге Алладан нұр тамып тұр.

Қай халықтың намыс болса бойында,

Сол халықтың шамшырағы жанып тұр.

Ұлдарының тал-бойында тұр бәрі.

Ер Жігіттер,

Ер Қазақтың  құрбаны.

Әрбір жанға

Бұйыратын бақ емес,

Отан үшін  өле білу бұл дағы.

Ер Қазағым,

Мәңгі тірі өлген жоқ.

Ер Қазағым,

Ешбір жауға көнген жоқ.

Ерді туған

 Біздің қазақ ұл туса,

Біздің Қазақ  езді туып көрген жоқ.

 

Отан мықты, Қазақ болса бірлікте,

Тәуелсіз ел — бар бақытың тірлікте.

Өз Отанын  өз ұлындай қорғасын,

Бір Алланың рахымын кім күтсе.

 

Ер Қазақпыз, алтын құрсақ анамыз,

Ерлерміз біз, саналымыз, данамыз.

Айбындымыз аз да болсақ  көппіз біз,

Жауға қарсы жанартау боп жанамыз.

 

Ұлы дала, ұлы мекен ұланы,

Сенің Туың қашан жаудан құлады?!

Көкжалдарым көктен медет тілесін,

Ер Қазақты Құдай қорғап тұрады.

 

«Отан!»-десін кеудеден жан шығарда,

Ұлтқа ұран, ұлға намыс жыр арна.

Әулие-Пір, Пайғамбарлар қолдасын,

Енді, әрине, жаратушы бір Алла.

 

Сабыр Адай

(Ұлтының ары мен намысын ту қылып көтеріп жүрген Қазақтың ер жігіті- Ескендір Ибрагим ініме естелік болсын. Құрметпен, ағаң- Сабыр Адай)