Ер адам әдейі пойыз астына түсті

Оқыс оқиға Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылының маңында болған.
Машинист шұғыл тежеуішті басқанмен тоқтап үлгермеген. Себебі пойыз бен адам арасындағы қашықтық тым қысқа болған.
Қайтыс болған адамның Жаңаарқа ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Оның неліктен рельске шыққанын тергеу анықтап жатыр.
Оқиға орнында желілік полиция басқармасының тергеу-жедел тобының қызметкерлері жұмыс істеуде. Ол осындай шешімге әдейі барған болуы мүмкін.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы пойызды кенет тоқтату мүмкін емес екенін еске салады. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз аз уақытта тоқтай алмайды. Авариялық тежеу кезінде пойыздың тежеу қашықтығы кемінде 900 метр болады»,- деді ҚТЖ .
Талғар