Ер адамның әйелімен қарым қатынасында көптеген міндеттері бар:
1-Әйелімен Пайғамбарымыздай (с.ғ.с.) мейірімді, жұмсақ болуы тиіс.
2-Үйге кіргенде әйелімен сәлемдесіп, қал-жағдайын сұрауы керек.
3-Оның көңілді екенін көріп, әзілдесіп, шашынан сипап, құшақтауы керек.
4-Ал егер әйелі көңілсіз жүрген болса, себебін сұрап, жақсы көретінін айтуы тиіс.
5-Әйеліне бір істі жасауға уәде берсе міндетті түрде орындауы тиіс.
6-Бала тәрбиесінде көмектесуі керек.
7-Қарны тоқ, жақсы киінуіне мән беруі тиіс.
8-Отбасын асырау садақадан да үлкен сауап, сондықтан тапқанын балалaры мен әйелінен аямауы тиіс.
9-Дастархан басына отырарда отбасы мүшелерінің түгел болуын қадағалау да отағасының міндеті.
10-Әйелі туралы өзгелердің айтқан жаман сөздеріне ермеуі керек.
11-Әйелдер – нәзік жанды. Кейде еркелегенді, жылы сөз естігенді ұнатады. Сондай кездерде шыдамдылық танытып, түсіністікпен қараған дұрыс.
12-Әйелдің еңбегін бағалап, мақтап қоюды ұмытпаңыз. Ол әйелге өзіне деген сенімділік пен күш-жігер береді.
13-Кемшіліктері мен қателіктерін бетіне баспау, өзгелерге жария етпеуі тиіс.
14-Қолыңыз қалт етсе отбасылық серуенге шығып тұрыңыздар.
15-Ер адам әйеліне Құран оқуды, қажет болса намаз оқуды үйретуге міндетті.
16-Жұмыстан келгенде қабағыңызға қар жауып, ашуыңызды әйеліңіз бен балаларыңыздан алмаңыз.
17-Ешқашан оларға қатты сөз айтып, балағаттамаңыз.
18-Отбасыңыз үшін жиі дұға етіңіз.
19-Өзіңіздің отағасы екеніңізді ұмытпаңыз.