ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ «АЙМАҚТЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының» аймақтық филиалында мемлекеттік қызметшілер күніне орай кездесу өткізді.

«Аймақтық көшбасшылық» тақырыбындағы дәріске басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер, облыстық және қалалық басқарма басшылары, аудан-ауыл әкімдері, бөлім жетекшілері қатысты. Облыс әкімі шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекеттік қызметтің еліміз үшін аса маңызды екеніндігіне кеңінен тоқталды.

Ералы Тоғжанов өңірдегі өзекті мәселе – өндіріс саласы деп атап көрсетті.

-Былтырғы жылы өндіріс көлемі 96,9% болған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді мақсат еттік. Инвестиция саласы 82% құраса, оны да 100 процентке көтеруге мақсат қойдық, нәтижесінде 101,2%-ға жеткіздік. Құрылыс саласы – 79%-дан 102 %-ға өссе, өндіріс саласы жылдың соңында 99,8%-ға көтерілді. Бұл көрсеткіштерге жету оңай болмағаны анық, деді өңір басшысы.

Елбасы экономика мен саяси мәселелерді қашанда алғашқы орында екенін үнемі айтып келеді. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда ел үшін елеулі іс-шаралар атқарылғанын атап өтті. Кездесу барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамаларына кеңінен тоқталды.

Ералы Тоғжанов «Нұр капитал» өңірлік бағдарламаның тиімді тұстарын айтып, Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлерге 1%-дық несие беріліп жатқандығын жеткізді. Қазіргі күні құны 2 млрд.теңге болатын 110 жоба мақұлданған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 1,8 млрд. теңге шағын несие бөлінген.

Сондай-ақ, өңірге тартылған инвесторлық әлеуетке де тоқтала отырып, Маңғыстау облысына былтырдан бері 50-ден аса инвесторлармен жан-жақты кездесу өткізілгенін, олардың бірнешеуі нақты іс бастап кеткенін мәлімдеді.

Айман Нұрмағанбет