Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады

 Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Бұл жолы 11 тұрғын жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет салаларына қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдердің назардан тыс қалмайтынын айтып, әрбір мәселенің шешімі табылғанға дейін жеке бақылауында болатынын атап өтті.
Келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ басқарма, департамент басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Тараз қаласы, Абай даңғылы, 127 мекенжайында орналасқан «Азаматтарды қабылдау» орталығына келіп жазыла алады.
Жамбыл облысы әкімдігі