Ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шарада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Е.Жұмабек және облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Мұқанов сөз сөйлеп, жәрмеңкеге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар бірқатар басқармалардан жауапты мамандар мен Тараз қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары қатысты.
Жәрмеңкеде Тараз қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынған 20 жұмыс беруші өздерінің 100-ден аса жұмыс орындарымен келіп, жұмыс берушілер мен нысаналы топқа жататын жұмыс іздеушілер арасында тікелей сұхбаттасу арқылы тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер берілді.
Тараз қаласының әкімдігі