Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қосымша медициналық көмек көрсетіледі — елорда әкімдігі
Қала әкімі Алтай Көлгінов қабылдауға жазылған тұрғындармен кездесті. Қабылдау барысында жұмысқа орналасу, білім мен медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. мәселелер көтерілді. Елорда тұрғынының айтуы бойынша, ол бірнеше ай бойы балаларды оңалтумен айналысады. Ол оңалтудағы тиімді әдістердің бірі бұл бассейндегі сабақтар екендігін, «балалар құлаудан қорықпай, жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгере алатынын» атап өтті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұл бағыттың маңыздылығы туралы айтты. «Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға білікті көмек көрсетумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен бірнеше рет кездестік. Ұсыныстарды тыңдаймыз. Өз тарапымыздан қажетті көмек көрсетеміз, бассейнде оңалту жаттығуларын жасататын сабақтарға қолдау көрсетеміз. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата — аналарға қосымша медициналық көмек көрсетіледі», — деді Алтай Көлгінов. Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындардың өтініштері бақылауға алынды. 8 ақпан (сенбі күні) «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Ашық әкімдік» форматында ашық есік күні өтеді.
Родителям, воспитывающих детей-инвалидов, будет оказана дополнительная медпомощь — акимат столицы
Вопросы трудоустройства, получения дополнительного образования, оказания медпомощи, участия в жилищных программах и т.д задали горожане на приеме акима столицы Алтая Кульгинова. Так, к примеру, житель столицы отметил, что уже несколько месяцев занимается реабилитацией детей, и одним из эффективных методов являются занятия в бассейне, «дети, не боясь падений, могут быстрее освоить новые двигательные навыки». Аким столицы Алтай Кульгинов подчеркнул важность данного направления. «Мы не раз встречались с представителями НПО, врачами, соцработниками, которые занимаются оказанием квалифицированной помощи детям с особыми потребностями, слушаем предложения, со своей стороны оказываем необходимую от нас помощь, будем поддерживать благие направления, в том числе по занятиям в бассейне. Родителям, воспитывающих детей с особыми потребностями, будет оказана дополнительная медицинская помощь», — сказал Алтай Кульгинов. Накануне аким столицы Алтай Кульгинов также провёл личный приём граждан. Обращения жителей находятся на контроле. 8 февраля (в субботу) в центре поддержки института семьи «Жанұя» пройдёт день открытых дверей в формате «Открытый акимат».