ЕРІКТІЛЕР ЕГЕСІЗ ҚАЛҒАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ
26 маусым күні жануарларды қорғаумен айналысатын белсенділер, Түркістан облысы Арыс қаласына арнайы барды. Нан суын көтерген олар Шымкенттен келген. Негізгі мақсаттары – үй ауласында қамалып қалған төрт аяқтыларды аман алып қалу. Еріктілер өздерімен бірге алып келген ыдыстарға суларды толтыра құйып, көше қиылыстары мен әр бір үйдің қақпасына қойып кетіп жатты. Әрине, аз уақыттың ішінде барлық үйді қамту мүмкін болмады. Десе де қамқорлық танытуға асыққан жандар екі сағаттың төңірегінде көзге ілінген үй жануарларын тамақтандыруға тырысып бақты. Нан беріп, шелектерді арнайы жемдермен толтырды.
«Біз Арыс қаласына арнайы баруды жоспарлаған едік. Әрине, бұл жақта жұмыс жасауға рұқсат берілгенімен, қауіптен сақтану шараларында естен шығарған жоқпыз. Негізгі бар ойымыз бірнеше күннен бері егесіз қалған үй жануарларына аяушылық таныту, тамақ судан тарықтырмау. Бірақ байқағанымыздай, ит-мысықтар дін аман екендігін көрдік. Аштан өлгендерін байқамадық. Әскери қызметкерлерге де рақмет! Жақсы жұмыс жасауда», – деді ерікті Елена Прокудина.
Еріктілер қайырымдылықты бір күн емес, тағы бірнеше күнге жалғастыруға дайын. Далада қаңғыбас жануар қалмас үшін қолдан келгенше әрекет жасайтындарын жеткізді.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялыр қызметі