Еріңізді басқамен салыстыру екеуіңізге қалай әсер етеді?
Кей қыздар жігітпен бірінші кездесуден соң, бірден оны басқа еркекпен (бұрынғы жігіті, жұмыстасы, құрбысының жігіті, топтасы) салыстыра бастайды. Одан кейін күйеуін де солай басқалармен салыстыратын әйелдер бар. Өз серігіңізді басқамен салыстыру қатынасқа қалай әсер ететіндігін қарастырайық. Кей әйелдер күйеуіне ол (басқа еркек) оған (құрбы, таныс әйел, көрші, жұмыстас) әр жексенбі сайын гүл береді, атаулы күндерді ұмытпайды, қымбат сыйлықтар береді, әрдайым көмектеседі, көбірек ақша табады деген секілді сөздерді айтады. Сонымен қатар, әр кез міндетті түрде мынадай сөздермен аяқтайды: «Ол азамат екен! Ал сен мен үшін не істеп жатсың?». «Осылай айтсам, ол да маған соларды істейтін болады» деп ойлайды. Сіз мұндай сөздеріңізбен өз еріңізді шынымен де ештеңе істей алмайтындығына бағдарламалайсыз. Мұндай сөздер жиі айтылған сайын еркектің үміті үзіліп, сіз үшін бірдеңе жасағысы келмейтін болады. Мұндай сөздерді естіп жүрген еркек өзін қалай сезінеді? Ол өзін жолы болмаған адамдай сезінеді, себебі әрдайым ризашылық пен махаббат сөздерін естігісі келетін сүйікті әйелінен, керісінше, намысына тиетін сөздер шығады. Ол сіз үшін айтылған еркектердің арасынан ең бетері екенін түсінеді. Сіз оны енді сүймейді екен деп ойлайды. Содан соң бұл сөздерді жиі естіген сайын ол сізге әрдайым бәрі аз көрінетінін және сіздің қанағатсыз екеніңізді түсінеді. Ол сіз үшін не істесе де, сіз одан үлкен немесе жиірек жасайтын біреумен тағы салыстырасыз. Еркек сүйіктісінен қарапайым жылулықты, нәзіктікті және қамқорлықты күтеді. Алайда, ұзақ уақыт шыдап келген еркек бір күні басқаны тауып алуы әбден мүмкін. Ол әйел оған әрдайым ризашылығын білдіруі мүмкін. Себебі алғыс білдіру – сын мен салыстыруға қарағанда ең жақсы әрі тиімді мотиватор. Кез келген жағдайда оның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Ол нәрсеге ұзақ шыдар ма едіңіз? Соған қарамастан, оны сүйер ме едіңіз? Әлде бірден айқай шығарасыз ба? Дұрыстап ойланыңыз, оны әрдайым біреумен салыстыру қатынасыңызға әсер беріп жатқанын түсініңіз. Әр еркекке әйелінің сүйетінін, бағалайтынын, түсінетінін, қалай бар солай қабылдайтынын, қолдайтынын және әр жасаған ісіне разылығын білдіретін білген маңызды. Сол жағдайда ғана еркек ол адам үшін мүмкін емес затты да жасауға дайын болады. Себебі, ол оған сенеді. Өзіңізге сырттан қарап көріңіз. Мүмкін салыстыру сіздің әдетіңізге айналып кеткен шығар. Өзіңіз байқамай, автоматты түрде айтатын шығарсыз. Қатынасыңызды өзгерткіңіз келсе, өз еріңізді салыстыруды және сынауды тоқтатыңыз. Оның сізге осы уақытқа дейін және қазіргі жасағандары үшін ойша және дауыстап алғыс айтыңыз. Оның қолынан жақсы келетін әрекетін айтып, мақтаңыз. Күш-қуат сыйлаңыз. Оны қатты сүйетініңізді айтыңыз. Үйге кіргенде жақсы көңіл-күймен қарсы алыңыз. Сол кезде ол әрдайым сіздің бақытты көздеріңізді көргісі келіп, бар жақсылықты жасауға тырысады.