«Еркін елдің ертеңі»
Бүгін аудан әкімдігінде «Еркін елдің ертеңі» атты танымдық-көпшілік жиын өтті.
Ел бірлігінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық сала бойынша көптеген өзекті мәселелер шешімін тауып, ауқымды істер атқарылуда.
Осындай жетістіктерге жетуімізге аға буын өкілдері өлшеусіз үлес қосуда. Сондықтан да оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды.
Бүгін мереке қарасыңында өзінің туған жерінің өркендеуіне үлес қосып, бүгінде ел ағасы болып құрметке ие болған ағаларымызға марапат табыстауды жөн көріп, сый-құрмет көрсеттік.
Салтанатты шарада бірқатар азаматтарға Қордай ауданының Құрметті азаматы атағы,
«Қордай ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалі мен ҚР халқы Ассамблеясының төсбелгісі табыс етілді.
Сонымен қатар, аудан әкімі ҚР Президентінің сайлау науқанына дайындық және өткізу жұмысына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Мәден Мұсаев, Қордай ауданының әкімі