«Ерлерді тек еркелетіп, аялау керек»-дейді Дариға Назарбаева

ҚР Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қазақстандық ерлер мен әйелдердің мықты қолдары туралы әзіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Әзіл Астанада өтіп жатқан кәсіпкер әйелдердің жиынында айтылды.  «Ерлер туралы сөз қылмайтын әйелдер бар ма? Қазіргі ерлер өзге дейді. Олардан көп нәрсе талап ете беруге болмайды, олар дағдарыс жағдайындағы тіршілікке бейімделмеген. Оларды тек сүю керек, еркіндік беріп, кемшіліктерін елемеу керек дейді. Мен сіздерге Ирина Хакамаданың сөзіңдерін келтірдім. Ол ерлер арасында өте танымал болды, әрине. Мұның да өз шындығы бар шығар. Сіздің үйде де осындай қазына пайда болса, бәріне дайын болу керек дегенім ғой. Сондықтан өмір қолы қарулы әйелдің алақанында болу керек», — дейді Назарбаева.  Сенатор қазіргі таңда әрбір әйел саясатта да, бизнесте де, ғылымда да өзін көрсете алатынын атап өтті.  «Әйелдер араласпаса білім беру мен денсаулық сақтау баяғыда жоқ болып, жұмыссыздық артар еді. Экономитсердің есептеуі бойынша, шамамен 30 пайызға. Құрметті әпкелер мен сіңілдерім біздің ЖІӨ-ге қосып отырғанымыз 40 пайыз. Осымен тоқтап қалмай 70 пайызға да жетеміз. Мұны анда-санда бастарыңды жоғары көтеріп, қандай үлкен еңбек сіңіріп жатқандарыңызды естеріңізге түсіріп қойсын деп айтып жатырмын. Біз ерлердің қатал әлемінде өмір сүруді үйрендік және жақсы үйрендік деп айта аламын», — дейді Дариға Назарбаева.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/dariga-nazarbaeva-kazakstannyin-erler-turalyi-azlded-283084/