Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер
- Дінімізде ер азамат өте жоғары статусқа ие. Сондықтан оған бағынып, бар талаптарын орындауға міндеттісіз.
- Ол жұмыстан шаршап келгенде тамағыңыз дайын, үйіңіз таза, өзіңіз жылы жүзбен қарсы алыңыз.
- «Ызыңдап» жоқты айтып, «құлақ етін» жей бергенді ер адамдар ұнатпайды.
- Отбасы болған соң, әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ондай сәттерде ашуға емес, ақылыңызға жүгініп, сабыр сақтаңыз. Араларыңыздағы мәселені еріңіздің ашуы басылған соң ғана отырып шешуге тырысыңыздар.
- Қолдағы барыңызға қанағат етіңіз. Үнемі көңілі толмай жүрген әйелді кім жақсы көрсін? Рахметіңіз бен ризашылығыңызды білдіріп тұрыңыз.
- Жарыңызға тек әйелі ғана емес, сырлас досы да бола біліңіз. Қажет жағдайда ақылыңызды айтыңыз.
- Екеуіңіздің араларыңыздағы сырды ешкімге, тіпті «ең жақын» құрбыңызға да айтпаңыз. Жарыңыздың жаманын жасырып, жақсысын асырып отырыңыз.
- Ешқашан күйеуіңіздің жақындары жайлы жаман сөз айтпаңыз. Оларды жамандап абырой таппайсыз, керісінше, жарыңыздың сізден көңілі қалуы мүмкін.
- Жұбайыңыз қандай бір қателік жасап қойса бетіне басып айыптай бермеңіз. Өткенді де қозғай бермеңіз.
- Бақытты жанұя өздігінен құрыла салмайды. Оған жұбайлардың, әсіресе, әйел адамның қыруар еңбегі мен күш-қайраты, махаббаты қажет.
- Барыңызға шүкіршілік етіп, отбасыңызды береке мен сүйіспеншілікке бөлеуін Алладан тілеп дұға етіңіз.
12Әйелің жылап жатқанда — онымен анасы сияқты сырлас..
13.Әйелің өзін әлсіз сезінгенде — әкесі сияқты қамқор бол.
14.Әйелің қателік қылғанда — ағасы сияқты түсіндір.
15.Әйеліңнің бір нәрсеге көңілі толмағанда — оған дос сияқты бол.
16.Әйеліңе кеңес керек болғанда — әпкесі сияқты бол.
17.Оған жұбай ретінде адал бол және әрқашан жанында екеніңді сезіндір.
«ЕлАна»