«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Иә, осынау аталы сөзге терең бойлай білген әулиеаталықтар Ұлы Жеңіс мерекесін биыл да ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Таң ағарып атысымен облыс басшылары бастаған тараздықтар қалада орналасқан өңірден шыққан батыр-тұлғалардың ескерткіштеріне құшақ-құшақ гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті.
Сондай-ақ, 1 миллион 500 мыңнан аса фотосурет пен шежірелер жиынтығы топтастырылған «Данқ» залының ашылуы өтіп, тараздықтарды қуанышқа кенелтті.