«Ертең ешкімге есік ашпайық»
Бір жас отбасы «Ертең ешкімге есік ашпайық» деп келісіпті.
Ертесіне таңда есік қоңырауы соғылыпты. Олар есіктен сығалап қарапты, жігіттің ата-анасы екен.
— Ашпаймыз, — деп мақұлдасып, есікті ашпапты. Ата-анасы кетіп қалыпты.
Біраз уақыттан соң тағы да есік қағылыпты. Барып қараса, әйелінің ата-анасы келіп тұр екен. Тағы да ашпаймыз депті, бірақ әйелі жылай бастапты. Күйеуі оны аяп кетіп, есікті ашыпты.
Жылдар өтіпті. Олардың 4 ұлы болыпты, бесінші болып қызы туылғанда, жігіт ұлан-асыр етіп той беріпті. Достары таңғалып:
— Неге соншалықты қуанасың? Тіпті ұлдарың туылғанда да мынадай той жасамаған едің ғой? — деп сұрапты. Ал жігіт күлімдеп:
— Өйткені маған есік ашатын перзент туылды! — деп жауап беріпті.
Қыз ата-анасына бәрінен де мейірімді болады.