Ертеңіңді ойла
Бұл өмірде ештеңе оңайлықпен келмейді. Барлығына тек еңбектене отырып қол жеткізуге болады. Ең бастысы – ниет. Өзің бастаған істің жемісін жегің келсе; өз күшіңе толықтай сеніп, мақсатыңа жеткенге дейін тоқтамай еңбектену керек. Тіпті ол іске деген талантың жоқ болса да, қажырлы еңбектің арқасында биік белестерді бағындыра аласың.
Еріну, ертеңге қалдыру сынды жаман әдеттерден дер кезінде арылу қажет. Жұмыстарыңды ертеңге қалдырып жүргеніңде өмірің де өтіп кетеді, күш-қуатың да қалмайды, сондықтан уақыт созбай болашағың үшін қазірден бастап әрекет ет.