Ертіс ауданының ауылдары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ертіс ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты. Ағымдағы жылы ауданның 5 ауылын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосу жоспарланған.
Су құбырлары Северное, Қызылжар, Луговое, Қарақұдық және Иса Байзақов ауылдарында өткізіліп жатыр. Құбырлар іске қосылған кезде 3,3 мыңға жуық адам орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізіп, аудан тұрғындарының 80%-ы орталықтандырылған ауыз суымен қамтамасыз етіледі.
– Северное ауылында құрылыс жұмыстары өткен жылдың аяғында басталды,- деді «Кең Асар» ЖШС мердігер ұйымының директоры Талғат Ақдәулетов. – Су құбырларының жалпы ұзындығы 18,4 шақырымды құрайды. Олардың ішінде магистральді су құбырларының 92%-ы мен сервистік желілердің 60 %-ы өткізілген. 123 үй орталық магистральге қосылған.
Аудан әкімі Серік Батырғожинов айтып өткендей, бүгінгі күні 4 ауылда су қорларының мөлшерін анықтау бойынша, ал 3 ауылда барлау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы Болат Бақауов Ертіс ауданының әкімінеайтуынша әр ауылдағы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін өткізу мәселеcі әрдайым бақылауда болуы тиіс.
Әлихан Рахметоллаұлы