Ертіс-Баян өңірінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды
Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Павлодар облысының білім беру басқармасы.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, зиялы қауым өкілдері мерекенің құрметті қонақтары болды.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов педагогтар мен балаларды «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуымен құттықтады. «Павлодар өңірінде осындай рухани орталықтың ашылуы рухани жаңғырудың мән-мағынасын, жастарымызға дұрыс жол таңдауға, болашағын дұрыс айқындауға көмектесетін орталық болатынына сенемін. Тың бастамаларыңыз құтты болсын!», — деді Абзал Нүкенұлы.
Ардагер ұстаздар атынан «Ыбрай Алтынсарин» белгісінің иегері, Николай Силкин атаулы кабинеттің ашылуына орай Білім басқармасын құттықтап, аталмыш орталық облыстағы оқу орындарында да осындай кабинеттердің ашылуына септігін тигізеді деген үмітін жеткізді. «Бұл өте маңызды оқиға. Өйткені, адам баласы өз Отанының тарихын, туған тілін, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалар жайлы білмей жатып, өз елінің лайықты азаматы бола алмайды», — деп атап өтті Николай Сергеевич.
Павлодар облысы білім беру басқармасының жаңа басшысы Дінислам Болатханұлының айтуы бойынша, өңірдің педагогтары алдында оқушылар мен студенттерді адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу міндеті қойылған. «Біз ашық әлемде бәсекеге қабілетті, саяси мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоямыз. Сонымен бірге, өз Отанын шын мәнінде сүйетін патриотты тәрбиелейміз», — деп атап өтті.
«Рухани жаңғыру» кабинетінің жобасын дайындау бойынша жұмыс тобына Болатханұлының басшылығымен облыстың ғалымдары мен педагогтары кірді. Ұйымдастырушылар туған өлкенің бірегей тарихын, атақты адамдардың өмірі мен қызметін зерделеу бойынша қажетті материалдарды іріктеу мақсатын қойды. Осылайша, Павлодар өңірінің тумалары ұлы жазушы Бұхар Жырау, ағартушы және көріпкел Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев, талантты режисер Шәкен Аймановәлемге танылды. «Ертіс-Баян өңірі – тарихи тұлғалардың туған жері, қасиет дарыған құтты мекен. Мәдениетті, тарихи естеліктерді зерделеу бойынша бұл бірегей орын –ауқымды алаң», — деді өңірдің бас педагогы.
Қонақтар салтанатты түрде лентаны қиды, ал жас айтыскерлер мен ақындар арнайы кабинеттің ашылуына арнаған өз туындыларын оқыды. Қонақтар үшін экскурсияны да балалардың өздері жүргізді.
Кабинетте осы өңірден шыққан атақты тұлғалардың портреттері мен кітаптары бар стендтер ерекше орын алған. Бұл Қазақстанның дамуына үлес қосқан мәдениет және өнер, ғылым және саясиқайраткерлері. Келесі стендте – қазіргі замандағы батырлар, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан нақты адамдар.
Одан әрі орналасқан стендте — Республикалық тізбеге енген Павлодар облысының киелі жерлері. Мысалы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев кесенесі, Исабек Ишанның мавзолейі, Қоңыр әулие үңгірі, Жасыбай батыр монументі, орта ғасырдағы «Ақкөл-Жайылма» қала орны.
Стендтердің бірі мемлекеттік тілдің құрылуына, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне арналған. Бұдан басқа, кабинетте оқушыларға оқуға ұсынылған QR-кодымен 100 кітабы барвиртуалды кітапхана жұмыс істейді. Павлодар облысының ғалымдары, педагогтары енген кітаптар тізімін сараптама кеңесі бекіткен.
Осылайша, экспонаттары бар үй жай ғана құрылып қоймай, ағарту, іздену-зерттеу жұмыстары жүргізілетін табиғи дамыту кабинеті құрылды. Дінислам Болатханұлы «Болашақ – өткен тарихты білуден басталады, сондықтан да, біздің балаларымыз туған өлкесінің бай тарихын білуі тиіс, өздерінің атақты жерлестерін мақтан тұтып, оларға ұқсауға талпынсын. Өз халқының рухани құндылықтарын білмейтін адам тамырсызағаш тәрізді»,- деп атап өтті.
Бүгінгі күні әзірленген «Рухани жаңғыру» кабинетінің стандарты Павлодар облысының білім беру мекемелерінде қолдану үшін ұсынылған. Мұнда тарих, география, қазақ тілі және орыс тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану, «Өлкетану» курсы, сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер, танымдылық сипаттағы іс-шаралар өткізілетін болады.
Павлодар облысының білім басқармасы