«Есепте тұрған тұлғалар»

Ағымдағы жылдың ақпан айының 10 жұлдызынан 23 жұлдызы аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Қайта қылмысқа жол бермеу және қылмыстық құқық бұзушылықтың қайталануын алдын алу мақсатында Шу аудандық пробация қызметі және АПБ ЖП ҚБ УП инспекторлары мен Шу аудандық прокурорлары мен бірлесіп бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Іс- шаранының негізгі мақсаты пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды қоғамға қайта қосу, қайта қылмыс жасамауын қадағалау болып табылады. Сотталғанды есепке алған күннен бастап пробация қызметкерлері жаза өтеушілерге өтеу тәртібі мен шарттарын толық түсіндіріп, сотталғанға қатысты әкімшілік құқық бұзбау туралы және қайта қылмыс жасамау туралы заңды талаптарға бағынбау сияқты бірнеше сұхбат жүргізілуде. Сотталғандар тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар мен жаза өтеу тәртіптерін бұзу фактілер анықталған жағдайда, оларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолдану түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.