Есепті кездесу

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ернар Есіркепов Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесу өткізіп, ағымдағы жылға арналған жоспарлар мен өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыл маңындағы Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізі бойындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, ауыл кітапханаларын жаңғырту, сондай-ақ Қазақ ауылындағы М. Әуезов атындағы мектеп пен «Ер Төстік» балабақшасының қазандықтарын жөндеу мәселелері көтеріліп, аталған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғындар көтерген мәселелерді зерделеу мақсатында жергілікті жерге шығып, Қазақ ауылындағы мектеп пен балабақшаның жылыту жүйесінің жағдайы, ауыл кітапханасының материалдық-техникалық базасын қарастырып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.