Ешкімді ренжітпейік…

Бейтаныс бір әйел автобусқа кіріп келе жатып бір ер адамның аяғын басып кетеді…
Жақтырмай қараған ер адамға » Ұнамай ма таксимен жүр! » деп айқайламады, тек » Кешіріңізші, байқамай қалдым. Қаласаңыз, міне, менің де аяғымды басыңыз » деп күлімдеді.
Ер адам не деп жауап берерін білмей сасып қалды.
Осы ер адам автобустан түскен соң киоскіден газет сатып алды. Қайтарым ақшадан шатасқан сатушы қызға ұрыспады, жай ғана- «Ештеңе етпейді, таң ертең ондай- ондай болып тұрады » дер күлімдеді.
Ал ертеңмен көңіл күйі көтерілген сатушы қыз ылғи газет алушы бір зейнеткер қарияға екі журнал, бір газетті сыйға тартты. Негізі қаряның ақшасы тек бір газет алуға жететін.
Мұндай күтпеген сыйға қуанып келе жатқан қаря подьезде жоғары қабатта тұратын келіншек пен қызын кездестірді. Әдеттегідей » Балаларың шулайды. Тарсылдап жүгіреді » деп ұрыспады, тек күлімдеп:»Ооо, үлкен қыз боп қалыпты.
Ата- анасының ақылды қызы боп өссін!»деп кішкентай қыздың басынан сипады.
Егер, басында бұл келіншек автобуста ер адаммен шекіскенде, қалған елдің бәрі бір- бірін ренжіткен болар еді. Жәй ғана кешірім сұрап, күлімдеді…
Ешкімді ренжітпейік…Өмір қысқа, мәнді ғұмыр кешейік!