Ешкімді тіпті ойша да айыптама — өзіңді кінәлі сезінбе
Жаныңа енгісі келетін бүлінгіге айна тәсілін қолдану:
1. Сын айтпа — сынға мән берме.
2. Ешкімді тіпті ойша да айыптама — өзіңді кінәлі сезінбе.
3. Ренжітпе — ренжіме.
4. Өзгеге (өзіңе де) тек жағымды дүниелерді айтып үйрен. Ескертпе айту керек болса, «Онда барма, өлтіріп кетеді!» демегін. Нақты фактілерді теріп, дауыс көтермей сөйле: «Ол ауданда соңғы аптада 13 адамды өлтіріп кетіпті» де.
5. Қорқытпа — қорықпа.
6. Өзгенің менін төмендетпе — сенің меніңді түсіргісі келетіндерді тыңдама.
7. Өзгенің кемшілігін терме — сенікін терген адамға бейжай бол.
8. Өзгенің болмысын бүлдіретін бағдарламаны түзбе — өзіңнің болмысыңа да жағымсыздықты жолатпа.
Юлия Джумм
Аударған Шынар Әбілдә