«Есім ханның ескі жолындағы» қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған

Олар:
1. «Жүз қырықтың қалыңы» — жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы.
2. «Жүз жиырманың қалыңы» — жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы.
3. «Қырық жетінің қалыңы» — жеті қара, кырық қой деген кесім (байлардың, билердің «қатын үстіне» алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы).
4. «Он екі қара» — «дөңгелек қалың» (қатыны өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін қалыңы).
5. «Сегіз қара» (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы). Әйел құны да осы кесімге орай шешіліп отырған.