Еске алуға арналған қазақша күрестен және футболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылды

Жалғызтөбе ауылдық округінің Аққия ауылында осы ауылдың тұрғыны, еңбек ардагері Мәзбаев Бошайдың 100 жасқа толуына орай, еске алуға арналған қазақша күрестен және футболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шарада ақсақалдар мен ауыл әкімі сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі. Жарысқа футболдан 12 команда қатысып, нәтижесінде Көктал командасы І орынды, ІІ орынды Абай командасы иеленсе, Жетібай командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар Диплом және Алғыс хаттар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қазақша күреске 5 команда, атап айтқанда, Дихан, Бесағаш, Кеңес, Жетібай, Сеңкібай және Аққия командасы қатысты. Нәтижесінде І орын Кеңес, ІІ орын Жетібай, ІІІ орын Бесағаш командасына бұйырып, жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тағайындаған марапаттарды табысталды.
Байзақ ауданы әкімдігі