Ескірген елді мекен атауы Сұлутөр болып өзгертілді
Қаройлықтардың көптен бергі ұсынысы орындалды. Ескірген елді мекен атауы Сұлутөр болып өзгертілді.
Ауыл-аймақтың қазақшаланып келе жатқаны қуантады.
Алда жоспарларымыз да бар.
Сондай-ақ аталған ауылда тұрғындар өтінішімен Үсіпбеков пен Мұқанов көшелері асфальттануда. Мұның алдында округтің тұрғындары ҰОС ардегеріне ескерткіш тақта орнатылса деген тілегін білдірген. Ол жұмыстар да тиянақталды.
Ел алдында ұсыныс-пікірге құлақ түргеннен соң оны жергілікті басшылар орындауға міндетті.
Бүткіл ауылдың қуанышына ортақпын!
Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі