Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық

Мына 10 азықты рационға қоса отырып, өзіңіздің есте сақтау, зейін салу және ой жинақтау қабілетіңізді жақсартыңыз!

Миыңыздың жақсы жұмыс істеуі үшін не жесем екен деп ойланасыз ба? Мына тағамдар денсаулығыңызды нығайтып қана қоймай, ақпаратты әлдеқайда тезірек ұғынуға көмектеседі.

Пайдалы май қышқылдары мен микроэлементтердің арқасында, мұндай тамақ – миға арналған энергияның таптырмайтын көзі. Мына 10 тағамды рационыңызға міндетті түрде қосыңыз, сонда сіз өзіңіздің есте сақтау және ой жинақтау қабілетіңіздің қалай жақсаратынын көресіз. Тағамға көп нәрсе байланысты…

Мидың жұмыс істеуіне арналған азық-түліктер

Асқабақ дәндері
Асқабақ дәндерінің құрамында мырыш бар, белсенді ақыл-ой қызметін жылдамдатуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Грек жаңғақтары
Басқа жаңғақтармен салыстырғанда, грек жаңғақтарының құрамында өте көп мөлшерде Е дәрумені болады. Е дәрумені миды, қартаюмен бірге келетін бүлдіргіш процесстер мен аурулардан сақтайды.

Қызанақтар
Қызанақ жеу арқылы Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін төмендетуге болады. Қызанақтар ликопинге – актиоксидантқа бай, ол ағзаға бос радикалдармен күресуге көмектеседі.

Какао
Қара шоколад тек тәтті ғана емес. Какао адамның когнитивті мүмкіндіктерін арттырады және жүректің жұмысына жақсы әсерін береді. Жүрек-қан тамырлар жүйесі қаншалықты жақсы жұмыс істесе, ми қан айналымы арқылы соншалықты пайдалы заттар ала отырып, қанығады.

Майлы балық
Қызыл балық, скумбрия, тунец, макрель, сардиндер – осы балықтарды сирек болса да, жеп тұру керек. Омега-3 қаныққан май осы балықтарда өте көп мөлшерде бар, оның миға қаншалықты пайдалы екенін бұрыннан білеміз.

Бүтін дәндерден жасалған өнімдер

Бүтін дәнді азықтар сізге қандағы қант теңгерімін бір деңгейде ұстауға көмектеседі. Бұл сіздің миыңызды құнарлы заттардың жетіспеушілігі қатерінен сақтайды – бүтін дәндерден жасалған өнімдер әсері ұзаққа созылатын қуатты энергетикалық ресурс болып табылады.

Брокколи
К дәрумені – бұл қырыққабатта кездесетін дәрумен. Ол адамға белсенді ақыл-ой процесстері үшін қажет.

Көк шәй
Катехин мен тианин – көк шәй құрамына кіретін антиоксиданттар. Бұл заттар ми қызметін ынталандырады, ой шоғырландыруды жақсартады, адамның сергек болуына мүмкіндік береді.

Қара қарақат
Қара қарақаттың құрамында С дәрумені бар. Бұл дәрумен бүкіл ағзаны әлдендіреді және мида жаңа нейрондық байланыстардың түзілуіне көмектеседі. Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, міндетті түрде өзіңіздің ас мәзіріңізге С дәруменінің қосымша көздерін қосыңыз, өйткені шылым шеккен кезіңізде ол аяусыз бүлінеді.

Баялды (баклажан)
Кімнің ойына келер дейсің, алайда баялды да бұл тізімде бар! Бұл баялдыда өте көп болатын антоцианиндердің – антиоксиданттардың арқасында. Олар сізді склероздың мезгілсіз өріс алуынан сақтайды.

Тіпті егде жаста да ақыл-ойыңыздың айқындығын сақтау үшін, өзіңіздің тағамдарыңызды қазірден өзгертіңіз! Нәтиже байқала бастаған кезде, өзіңіз де таңғаласыз – миыңыз әлдеқайда жақсы жұмыс жасай бастайды.

Бұл тағамдардың миға беретін энергиясы сізді өзгертеді – ойлар көбірек болады, жылдам ойлайтын боласыз, тез оянасыз және күні бойы өзіңіздің сергектігіңізді сақтайсыз. Есте сақтауыңыз жақсарады, тың ойлар өте оңай келетін болады! Міне, осының бәрі жейтін азығымызды бақылауға алуға тұрарлық емес пе?