Ет тәттілігін қойса,мен ұрлығымды қоямын деген екен қасқыр…

Бәйімбет Абыз би: Тоқтының еті су, бойдақтың еті бу, құнан қойдың еті құрыш, дөнен қойдың еті бұрыш, қыс түспей үйтілген бесті қой, көкейімді тестіғой деген екен.

Жиналған көпшілік бір астың үстінде,
-Ереке, қай малдың еті тәтірек ? — деп сұраған екен.

«Түйенің өркеш майына жон етін қуырғанда тәтті емес пе, жылқының жал-жаясы, қазы-қартасынан артық не бар, сиырдың тоқ ішегі, ешкінің бөтеке майы тәтті ғой» — депті, Есен Ермембет би.

Мал баққан Қазақта тамыздың он төрті болмай лақты соймағанғой. Дәмсіз болады деп. Жалпы қозыны соя берген, бірақ лақты тамыздың он төртінен кейін сойған.

Содан кейін, қараша айында марқа, бұзау, құлын. Содан кейін, желтоқсанның басында кәрі қойды тауысқан ғой, еті дәмді болады деп.
Қауыс, кәрі құртаңды тауыс деп, содан айтқан.

Содан, кейін кәрі қойдың етінен кейін, жылқының етін жеген. Содан ақпан айында түйенің етін жеген. Науырыздың он бесінен кейін ет жемеген.

Сонау мамырдың он төртіне дейін. Сүт, шұбат, қымыз ішкен. Ас қазанды жазған ғой. Екі ай ағарған ішсе ас қазан қайтадан қалпына келеді екен. Мамырдың он төртінен қайтадан қозы бағлан етін жей бастаған……….

 

Марат Қанатұлы Түсіп.