Этносаралық қатынас – қоғам дамуының негізі
Жамбыл облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ татулығы мен бірлігі жарасқан 87 этностық ұйымының 75-і өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында белсенді еңбек атқарады. 75 ұйымның 31-і қоғамдық аккредиттеуден өтіп, Ассамблея құрамына кірген.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева айтты. Ол қазіргі таңда мекемеде ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, қоғамдық келісім кеңестері, шеберлер клубы, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, медиаторлар және Аналар кеңестері бар екенін де айтты. Барлық құрылымдар бірыңғай негізде, ортақ міндеттер мен бағыттар бойынша жұмыс атқарып келеді.
❗️«Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация институтының рөлі өте зор, өйткені бұл этностар өкілдері арасындағы бірлік пен келісімді барынша нығайтуға ықпал етуде. «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинеті халыққа практикалық және медиативтік көмек көрсете отырып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Биылғы ақпан-наурыз айлары аралығында біздің базамында пилоттық режимде «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері» оқу курсы өткізілді. Білім алушылардың мақсатты тобы Жамбыл облысының ықшам елді мекендерінің тұрғындарынан құрылған», — деді спикер.
Мүбәрак Қасымқызы өңірде жыл сайын «Қазақстандағы этносаралық ахуалдың бірыңғай әлеуметтік мониторингі» өткізіліп отыратынын алға тартты. Этносаралық қатынастар саласы – еліміздің ішкі саясатындағы аса маңызды салалардың бірі.
✅«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік органдардың этносаралық саладағы барлық жұмыс жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын арттыру үшін аймақтық семинарлар өткізілді. Қазіргі уақытта қоғамдық келісім кеңестері билік пен халық арасындағы әмбебап диалог алаңына айналды. 2019 жылдағы Қордай оқиғаларынан кейін барлық аудандарда саяси ахуал бақылауға алынған», — деді баяндамашы.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі