ФАБРИКА ҚУАТТЫЛЫҒЫ АРТА ТҮСПЕК
Бүгін «Аса Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Төлебай Меңдіоразовты қабылдап, биылғы жоспарларын жан-жақты талқыладық.
Серіктестік Аса ауылы аумағындағы ескі баздарды күрделі жөндеуден өткізіп, 160 мың балапанды күтімге алған болатын. Балапан 42 күнде союға жарайды. Кездесуде серіктестік басшысы арнайы құс сою алаңы мен фабриканың қуаттылығын арттыру үшін 9 баздың құрылысын жүргізуге ниетті. Бұл инвестициялық жоба өз кезегінде тұрақты жұмыс орындарының ашылуына және өңірдің әлеуетін көтеруге ықпал етпек. Жергілікті әкімдік тарапынан жер учаскесін қарастыру және басқа да көмектерді ұсынатын боламыз
Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі