ФОТО КӨРМЕ

Саудакент ауылдық балалар кітапханасының оқу залында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік негізін қалаушы:жасампаздықтың 30 жыл:- атты фото көрме өткізілді. Кештің мақсаты; Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын, бұл еліміз үшін аса маңызды кезең екенін оқырман санасына сіңіру. Кітапхана меңгерушісі И.Сыздықова оқырмандарға елбасымыз және Тәуелсіздігіміз туралы кішкен ақпарат беріп өтті.
Ең алдымен, елдігіміз бен мемлекеттігіміздің символы, 30 жылдық тұрақтылық пен бейбітшіліктің бірегей кепіліне айналған айшықты күні. «Өйкені Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, егемендігімізді бекіткен елміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи тұлғасы мен саяси қайраткерлігі қашан да зор құрметке ие, Сондықтан бұл мереке Елбасына деген халықтың жоғары ілтипатын, елдің ыстық ықыласының көрінісі деп білемін. Расында да қазақ деген ұлтты әлемге танытып, Қазақстан деген елді дүние төріне оздырған Елбасының осы парасатты еңбегі, салиқалы саясаты. Содан болар, бұл мереке бір тұлға емес, тұтас ұлттың, Тәуелсіз жұрттың ортақ қуанышы деп нық сеніммен айта аламыз»

Сарысу ауданы