Франция елшісі Түркістаннан қазақ тілінде репортаж жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Түркістан қаласынан қазақ тілінде репортаж жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Жапондық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы жоғары Шымбұлақ ресейліктер жиі баратын курорттар арасында көш бастап тұр «Жаңа Жібек жолы» бағытындағы экспедиция Таразға жетті Елші Түркістан қаласында өтіп жатқан «Көне Түркістан — жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форумға барған. «Достар, бүгін біз Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне сапар шегеміз. Кесене бұрынғы Яссы қаласында орналасқан. (…) Біз Түркістан — түркі халқының астанасындамыз. Түркістан — қазақ елінің жан-жүрегі екеніне көз жеткіздім. Түркістанға екінші рет келіп тұрмын. «Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс, үш көрген — туыс» демекші, туыс болайық, достар», — деп мақалдады Филипп Мартинэ. Өз жазбасында Ф. Мартинэ Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи мен оның кесенесі туралы деректерді келтірген. Түркістаннан бөлек, Франция елшісі Шығыс Қазақстан, Қостанай өңірлерін аралаған. Филипп Мартинэ — қазақ тілін меңгеріп, Қазақстанның туристік орындарын аралауға ден қойып жүрген елшілердің бірі. Бұған дейін Франция елшісі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен, Жаңа жыл және Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтаған болатын.