Францияның мемлекеттік қызметшілері Олимпиада ойындарында жұмыс істегені үшін ақшалай бонус алады

Бұл туралы сенбі күні елдің Мемлекеттік қызмет министрі Станислас Герини мәлім еткен

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын француз мемлекеттік қызметшілері үшін 500-ден 1500 еуроға дейін бонустық төлемдер төленеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл хабарландыру екі француз кәсіподағы CGT және FO Олимпиада ойындары кезінде ереуілге шығуға ниетті екендерін білдіргеннен кейін жасалды. Дегенмен, министр С.Герини бүкіл ел олимпиада ойындары кезінде ереуіл болғанын қаламайтынын айтты. Сондай-ақ ол іс-шаралар кезінде жұмылдырылған мемлекеттік қызметкерлерге «бонустар» берілетінін, оның мөлшері 500-ден 1,5 мың еуроға дейін болатынын айтты.

Сонымен қатар, Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Олимпиада нысандарын қорғауға қатысатын құқық қорғау қызметкерлеріне шамамен 1900 еуро төленетінін мәлімдеді.

Франциядағы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

 

jambylinfo.kz