Футбол қақпасынан қанды майданға дейін…

даңқты бапкер Ваит Талгаев туралы не білеміз?

Үлкен футбол әлемінде өзіндік орны бар, әйгілі бапкер Ваит Талгаев туралы бүгінде білмейтін адам кемде кем. Қазақ футболын биіккен жетелеп, тасын өрге дөңгелеткен жаттықтырушы ел клубтарымен қатар, «Терек» командасын да  баптап, бір жылдары  Ресей Кубогын жеңіп алды. Міне, осы білікті жаттықтырушы биыл «Тараз» футбол құрамасының тізгінін қайта қолға алып, жерлетеріміздің жеңісті жорығын бастауға күш салмақ.

taraz-96

Жалпы Ваит Талгаев спорттық жолын Жамбыл жерінен  бастаған. Бала кезінен аладопқа әуес болып өскен ол футол үйірмесіне ата-анасының рұқсатынсыз жазылады. Өйткені әкесі ұлының балағы қысқа киіммен алаңда жүгіргенін қаламаған екен. Десе де, футболға жаны құмар жеткіншек жақындарына айтпай жарыстарға қатысып, шеберлігін шыңдай береді.  Жылдар өте жасөспірімнің бойындағы жалынды Қазақстанның жастар ұлттық құрамасының бапкерлері байқап, Ваитты құрамада ойнауға шақырады.

                               18803    15801945_163982697418440_4034089779850117120_n

Осында жүріп жас талант көпке танылып, Алматы қаласындағы спорт интернатына қабылданады. Әкесі қанша қарсы болса да, Ваитты спорт сиқыры үлкен футболға жетелей түседі.

Мектеп интернатын тәмамдағаннан кейін Талгаев туған топырағына  оралып, Жамбыл техникалық vataинститунының құрамында өнер көрсетеді. Алайда Ваит техника тілі оның болашағы емес екенін түсініп, екінші лигада ойнап жатқан сол кездегі жамбылдық «Алатау» командасының бапкері Леонид Остроушконың шақыруымен құрамаға келеді. «Алатауда» ерекше ойын өрнегімен көзге түскен жалынды жасты көп ұзамай атақты «Қайрат» құрамасы өз сапына алады. Ол кезде еліміздің бас командасын жаттықтырып жатқан Виктор Корольков Ваитты  екі ойыннан кейін-ақ негізгі құрамға қосады. Алайда Талгаев «Қайрат» сапында бір маусымда ойнамай, сырқаттанып спорттан ұзақ уақытқа қол үзеді.  Дегенмен, талантты футболшыны емінен кейін Леонид Остроушко қайта «Алатау» сапына шақырып, Ваиттың  үлкен футболдағы  жұлдызды кезеңі  басталады.

Бір маусымда «Қайрат» сапынан ойып тұрып қайта орын алып, «Динамо», «Спартак», «Пахтакор» сынды бүкілодаққа аты дүркіреп тұрған құрамаларды қоғаша жапырады.

Осылайша «Қайратты» әйгілі еткен футболшы кейіннен Шешенстан мемлекетінің «Терек» құрамасында біраз уақытдоп тебеді.Ал 1992 жылы «Эрзу» командасының бас бапкерлік қызметін қолға алып, Шешеш елінің президенті Джохар Дудаевтың жеке құрамасын жаттықтыра бастайды.  Мемлекет басшысымен тығыз қарым-қатынаста болған бапкер командаға ең мықты ойыншыларды жинақтап, сол маусымда турнир кестесінде үздік үштіктен көрінеді. Жаңадан құрылған команданың мұндай жетістігін шешен президенті жоғары бағалап, клубты мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруына қосады. Алайда 1994 жылы Шешенстан мемлекетінде әскери қымылдар басталып, команданы қаржыландыру тоқтатылады.

Осы жылдары Жамбылға қайта оралған Талгаев енді жергілікті  футбол клубының тізгінін қолға алады. 1410733403131Білікті бапкердің басшылығымен жамбылдықтар ел чемпионатының күміс медалін жеңіп алып, биіктен түседі.  Бірақ, көп уақыт  өтпей Ваитты Шешенстан президенті қайта шақыртып, ұлттық құрама жасақтауды тапсырады. Соғыс жүріп жатқан мемлекетте команда жасақтау қисынға келмейтінін түсінген бапкер үзілді кесілді қарсылық танытады. Алайда президент Дудаевжастардың қолына қару емес, доп ұстату қажеттігін түсіндіріп, Талгаевты команда жасақтауға көндіреді. Осылайша бейбітшілік құрамасын құрған бапкер соғыс жүріп жатқан ауылдарда жолдастық кездесулер өткізіп, жастардың ойын қанды майданнан, футбол алаңына бұрады. Десе де, соғыстың аты соғыс. Күндердің бірінде қарулы қақтығыстың тап ортасында қалған бапкер спорт пен соғысты түйістіру мүмкін емес екенінұғынып, Шешенстан мемлекетінен  кетуге бел буады. Алайда соғыс жүріп жатқан мемлекеттен шығу оңайға соқпайды. Соңында  Талгаев таулы аймақтармен жасырын қашып, Жамбылға жетеді.

Мұнда 1996 жылы «Тараз» атауымен қайта құрылған клубты жаттықтыруды қолға алады. Осы жылдары 45«Тараз» Талгаевтың басшылығымен Қазақстан Кубогын жеңіп алып, атағы дүркірей түседі. Бірақ, 2003 жылы Ваит Шешенстан мемлекетіне қайта оралып, «Теректің» бас бапкерлік қызметіне тағайындалады. Бұл құрамамен  білікті бапкер  Ресей Федерациясының Кубогын иеленіп, теңдесіз спорт маманы екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Тіпті, Ресей мемлекетінің президенті Владимир Путин УЕФА Кубогына жолдама алған құраманың бапкері Ваит Талгаевты «Ресей мемлекеті алдындағы еңбегі үшін» медалімен марапаттауды ұсынады. Бірақ, қазақстандық азаматтығынан бас тартпаған бапкерге сол атақ сол күйі берілмейді.

Десе де, шешен ұлтынан шыққан даңқты бапкерге Грозный қаласы мен туған ауылынан көше аттары беріліп, халқы үлкен құрметке бөлейді.

Міне, осындай от пен оқтың арасында жүріп, соғыс пен спорттың «майдангері» атанған бапкер  биыл «Тараз» футбол клубының тізгінін қолға алуда. Өмір жолында жарқын жеңістер мен қанды майданды қатар көрген бапкерден  футболшылардың үйренері көп екені сізсіз.  Қазір Талгаев бастаған «тараздықтар» Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, біліктілігін шыңдауда. Ал 8 наурыз күні жерлестеріміз маусымдағы алғашқы ойындарын қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткізеді. Осы кездесуде Талгаевтай бапкері бар «тараздықтар»жеңіске жетіп, шемпиондыққа жол салады деп сенеміз.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ