Ғалымдар парацетамолды пайдаланбауға кеңес береді
Осыған дейін парацетамол дәрісі жүйкені тыныштандыру, бас ауруын қойдыру үшін қолданылып жүрді. Ал, енді ауруға шипа болсын деп тұтынып жүрген бұл дәрінің адам денсаулығына тигізер кері әсері анықталды. АҚШ-тың Калифорния штатынан әлемді дүрліктіріп суық жаңалық келді.
Human Longevity ұйымының мамандары бас ауыруына ем боп жүрген парацетамол дәрісін енді тұтынбауға шақырады. Олардың бұлай әлемге айқай салуына зерттеу жұмыстарының нәтижесі түрткі болған. Америка ғалымдарының жасаған бұл зерттеулеріне 18 жастан асқан 455 адам қатысты.
Сонымен қатар ХІХ ғасырдың аяғынан бергі 1235 егіздің анықтама қағаздары қаралды. Осы күнге дейін дәрі қорабынан міндетті түрде табылуы керек деп міндеттелген дәрінің кесірі мынау: бұл дәрі жыныстық мүшеге әсер етіп, нәтижесінде бедеулікке шалдықтырады.
Құрсағында сәбиі бар аналар үшін тіпті қауіпті. Іштегі баланың жүрек соғысын баяулатады. Ал енді құрсақ көтерген аналар дәріні жүктіліктің алдыңғы аптасында қолданса түсік тастауы мүмкін. Парацетамол адам ағзасын қартайтып, жасушалардың тез өлуіне әсер етеді. Шаршаған адамның жүйке жүйесін әлсіретеді.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/50805/