«Гарант» ұзақ мерзімді құрылысы 2020 жылдың күзінде пайдалануға беріледі
Биыл 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов «Гарант», «Зере-1», «Жеті жол» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. «Гарант» тұрғын үй кешені мен өткен жылдың жазында алғаш барған нысан. Үй құрылысын аяқтап, оны осы күзде пайдалануға береміз. Бұл тұрғын үй кешенінде шамамен 170 үлескер бар», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында. Сондай-ақ «Жеті жол» және «Зере-1» үйлері 2015-2016 жылдардан бері проблемалық құрылыс санатында екенін атап өтті. «Зере-1» қатысты ескертулер бар. Олар бойынша жұмыстану қажет. Биыл 20 көппәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл 8 мыңға жуық үлескердің мәселесін шешуге көмектеседі», – деді Нұр-Сұлтан әкімі.