Ғарыш жайлыне білеміз?
Ғарышта екі бұйым немесе металл бір-біріне тиіп кетсе бірден жабысып қалады да оларды бір-бірінен ешқашан ажыратып ала алмайды екенсіз. Осы жағдай ғылымда «суық дәнекерлеу» деп аталып кеткен. Ал, жерде мұндай реакция болмайды. Себебі, оған ауа мен су кедергі келтіреді екен.
Егер сіз жарықтың жылдамдығымен ұша алсаңыз (секундына 300 000 шақырым), онда біздің галактиканы айналып шығу үшін сізге 100 000 жыл қажет болар еді.
Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 сантиметрге ұзарады.
Жарық Күннен бізге дейін 8 минут «жүріп» келеді, яғни біздің дәл қазір көріп тұрған Күніміз – осыдан 8 минут бұрынғы Күн. Егер ол 4 минут бұрын жарылып кеткен болса, біз оны білмес едік.
Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздың жарылуы (тұтануы) кезінде ол өте ғаламат көлемде энергия бөледі екен. Оның алғашқы 10 секунд ішінде бөлген энергиясы Күннің 10 миллиард жыл ішінде бөлген энергиясынан көп болады.
Шолпан күнді сағат жүрісіне қарама-қарсы бағытта айналатын жалғыз ғаламшар. Бұған бірнеше жорамал бар. Соның бірі, ғалымдардың пікірінше, бұрын Шолпанның бетіне ірі астероидтар соқтығысып, оны кейін қарай айналдырып жіберген.
1957 жылдан бері («Спутник-1» жасанды жер серігі ұшырылғаннан кейін) адамзат баласы жер орбитасына қаншама жасанды жер серіктерін ұшырды. Тек соның біреуі ғана Титаниктің тағдырын қайталады. Ол 1993 жылы Еуропа Ғарыш Агенттігіне тиесілі «Олимп» жер серігі астероидпен соқтығысып, жойылды.
Адам баласы ашық ғарыш кеңістігінде скафандрсыз 90 секунд қана шыдай алады, егер тек өкпесіндегі барлық ауаны шығарса ғана. Ал, егер өкпеде кішкене ғана ауа қалса, ол бірден көпіршіп үлкейе бастайды екен. Егер ол қанға өтіп кетсе, адам бірден өледі. Ал, адам ғарыш кеңістігіне шыққанда, өкпесі ауаға толы болса, онда өкпесін жарып жібереді.
Жердің салмағы тұрақты емес. Ғалымдардың анықтауынша, жыл сайын Жер өзіне 40-160 тонна салмақ қосып, 96 600 тоннасынан айырылады. Яғни, сонда Жер жылына шамамен 56,5 тоннаға жеңілдеп келеді.
Біздің планетамызды ғарыштан өз көзімен тек 24 адам ғана көрді.
Плутон – күн жүйесіндегі ең суық планета. Онда температура -2000С-ге дейін төмендейді.
2030 жылға қарай айда қала салу жоспарланып отыр.
Айдың бетінде аяқтың ізін қалдыратын болсаңыз, ол із мәңгілік сақталып қалады.
Дайындаған Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.