Ғарыштық технологиялар саласындағы ТОП-3 стартап анықталды

Алматыдағы Central Eurasian Venture Forum аясында ұйымдастырылған Space Tech Battle стартаптар жарысында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған үздік 10 IT-стартап* бақ сынасты.

Профильді сарапшылар мен инвесторлардан құралған қазылар алқасы 10 жобаның ішінен үш жеңімпазды жариялады: IoVIT – «ең үздік инновациялық стартап», SkillSat – «адамзат үшін аса бағалы» және Орбитальный экспресс- «болашақта ғарышты игеруші» ретінде танылды. Жүлде қорындағы $15 мыңды жеңімпаздар бөліп алды.

«Біздің стартап – бұл шағын құрылғылар-наноспутниктерді құрастыру және іске қосу үшін білім беру жинақтары. Бұл идея маған 2019 жылы Байқоңыр ғарыш айлағын алғаш рет көргенде келді. Біз Space Tech Battle-ды көптен күткен едік. Өз электроникасы мен технологияларын пайдаланатын аппараттық стартаптар үнемі көлеңкеде қалатын. Мен Astana Hub және ЦДИАӨМ жоспарлаған осындай іс-шара жүзеге асырылғанына қуаныштымын, ол жалғасын тауып, SpaceTech акселераторлары пайда болса екен», — деді SkillSat негізін қалаушы және бас директоры Абылайхан Мұхамеджанов.

Сондай-ақ форумда Silkway Accelerator Pitch Marathon барысында алты стартап (BILLZ, Kid Security, Trust Contract, Prosper Pay, Codify, Voiceloft) — Astana Hub пен Google for Startups бірлескен акселерациялық бағдарламасының қатысушылары өз жобаларын инвесторлардың, ірі корпорация мен венчурлық қор өкілдерінің назарына ұсынды.

«Space Tech – біздің технопарк үшін басымды бағыттардың бірі. Мен осы алаңда екі маңызды ивент — Space Tech Battle және Silkway Accelerator Pitch Marathon өткізуге мүмкіндік берген форум ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Бұл — жас компаниялардың өздерін көрсетіп, дамуына тамаша мүмкіндік», — деді Astana hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Еске салсақ, 2 маусымда Алматыда Central Eurasian Venture Forum – инвесторлар, стартаптар және стартап экожүйесінің басқа да қатысушылары үшін ауқымды шара өтті және бүкіл Орталық Еуразияны қамтыды. Негізгі ұйымдастырушылар MOST холдингі және сингапурлық Investbank (Paladigm Capital) платформасы.

Форум аясында ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Inspirations серіктестігімен Astana Hub халықаралық технопаркі Space Tech Battle және Silkway Accelerator Pitch Marathon ұйымдастырды.

Алдын ала мәліметтер бойынша форумға 400-ден астам стартаптар мен 600 жеке инвесторлар, венчурлық қорлар мен корпорациялардың өкілдері қатысты. Инвестор-стартап жылдам кездесулері, стартап жарыстары және келіссөздер барысында стартаптар бірінші кезеңде $8 миллион инвестиция тартқанын айтты. Осылайша, былтырғы $5 миллиондық рекорд жаңартылды.

*Space Tech Battle қатысушылар тізім:

— NU Rover – Орталық Азиядағы алғашқы марс роверін жасауға бағытталған жоба;

— SkillSat – білім беру жинақтары, оның көмегімен оқушылар өздерінің наноспутниктерін жинап, оны стратосфераға шығара алады;

— Black Aerospace — орбитаға микро және нано спутниктерді шығаруға арналған мобильді ультра жеңіл зымыран жүйесі;

— IoVIT – заттар интернеті – стратегиялық инфрақұрылым, логистика және өндірісті бақылау сияқты маңызды функцияларды орындайтын қашықтағы жабдықпен арзан және сенімді байланыс;

— Spaceborn ғарышқа ұшыру технологиясының жаңа буынын жасайды;

— Orbital display — ғарыштан көрнекі ақпарат пен мәліметтерді беруге арналған ғаламдық арна;

— Орбитальды Экспресс — ғарыштық тасымалдау және орбиталық қызметтер;

— ExoMach қауіпті жағдайларда адамдардың орнына пайдаланатын роботтар әзірлейді;

— LorelAi – ғарыштық ұшулардағы қайшылықтарды шешіп, психологиялық қолдауға арналған жасанды интеллектке негізделген кешенді шешім;

— Мантисса – ЖҚЗ спутниктерінен тікелей деректерді жинау үшін тәулік бойы және аптасына жеті күн жұмыс істейтін онлайн платформасы бар жерүсті станцияларының меншікті желісі.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

05.06.2023 ж.                                                                                                              Астана қ.