ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ САЛЫНУДА
2020 жылы Сарысу ауданы 14 елді мекендеріне жеткізуші және ауылішілік газ құбырларын салу құрылысы басталды (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жаңаталап, Ұйым, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды)
Жобаның құрылыс құны – 7,7 млрд. теңге. Газ құбырларының ұзындығы — 362 шақырым.
2020 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға бөлінген152,0 млн.теңге толық игеріліп,4,8 шақырым газ құбырлары салынды. Мердігері – «Газстройэкспертиза» ЖШС. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары мердігердің өз қаражаты есебінен жалғасуда.
Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 2021 жылға 454 млн.теңге жоспарланып отыр (лимит»), келесі жылдың нақтылауында қосымша қаражат бөлу жоспарлануда.
Жалпы жобаны 3 жылда аяқтау жоспарлануда. Яғни 2022 жылы ауданның 14 елді-мекені, оның ішінде Саудакент және Жайылма ауылдары газбен қамтылатын болады.