ГАЗДАНДЫРУ

Ауданда 26 ауылға газ тартылған (61,9 пайыз). Қазіргі таңда 13 ауылға көгілдір отын тартылуда (90,4 пайыз). Оған республикалық бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. 2021 жылға қосымша 507 млн теңге қаралды. Бес елді мекенге ауылішілік газ тарту жұмыстары аяқталды (725,2 млн). Биыл Жұма станциясы мен Көлқайнар ауылының кварталішілік газ құбыры желісінің құрылысына 84,3 млн теңге бөлінді. Ерназар, Шайдана және Өрнек ауылдарына кварталішілік газ құбыры желісінің құрылысын жүргізу үшін 655,3 млн теңгеге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру күтілуде.

 

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі