Ғазиза Жұбанованың өмірін музыкаға арнауына не себеп болды?
Ғазиза 1945 жылы Алматыда орта мектепті алтын медальмен бітірді. Осы жылы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты кеште алғаш рет Ғазизаның «Қорқытпа мені дауылдан» атты романсын Ришад Абдуллин оркестрге қосылып орындады. Келешекте қандай мамандықты таңдау жөнінде ой тоқтата алмай жүрген Ғазиза романстың көпшілік алдында орындалып, және оның халыққа ұнағаны үлкен демеу болды. Өз өмірін музыкаға арнау керек екендігін түсінді. Әке жолын қуып, композитор болуға бел байлады.
Ән өнері және уақыт кітабынан
Авт. Мәриям Ахметова
Деректі әзірлеген: мекеменің кіші ғылыми қызметкері Азимкулова Мая
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы